$ 494.87  520.65  4.91

11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Елорда мен Қазақстанның он бір өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.  

17 қаңтарда Қызылорда облысының орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қаласында да тұман түседі, көктайғақ.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығыста жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

17 қаңтарда түнде және таңертең Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Ал өңірдің оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жел тұрады, күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.

Шымкентте түнде және таңертең қатты жауын-шашын, жаңбыр басымырақ жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Түркістанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман тусуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде жаяу бұрқасын болады. Қарағандыда да түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 18 м/с жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, ал күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

17 қаңтарда түнде Маңғыстау облысының басым бөлігінде, күндіз батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Ақтауда да көктайғақ.

Елордада 17 қаңтарда түнде және таңертең бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

17 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Өскеменде - көктайғақ.

Семейде де көктайғақ болады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары