$ 444.32  473.33  4.76

«Қираудың сәл-ақ алдында тұрған көлік мінуге мәжбүрміз»: көлік жүргізушілері Тоқаевқа үндеу жолдады

Жаңа көліктерді алғысы келетін қарапайым халыққа, ең болмағанда жақында отау құрған жас және көпбалалы отбасыларға неге жеңілдік жасамасқа?

Қазақстанның қарапайым автомобильшілері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жаңа көлікке деген қолжетімділікті арттыруды және кәдеге жарату алымының мөлшерлемесін қайта қарауды талап ететін үндеу жариялап, онлайн-петицияны іске қосты, деп хабарлайды Zakon.kz

Мемлекет басшысы атына жолданған үндеу otinish.kz сайтында жарияланды.

Петиция авторлары қолжетімді көліктердің болмауы салдарынан қазақстандықтардың көбісі оны Ресейден, Армениядан және Қырғызстаннан жартылай заңды жолмен сатып алып жатыр, не болмаса қираудың сәл-ақ алдында тұрған, ауаны ластайтын көліктерге мінуге мәжбүр.

Сондай-ақ үндеу мәтінінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер азаматтарына қарағанда қазақстандықтар кәдеге жарату алымдарын артық төлегені де баса айтылады.

"Жаңа көліктерді алғысы келетін қарапайым халыққа, ең болмағанда жақында отау құрған жас және көпбалалы отбасыларға неге жеңілдік жасамасқа? Ескі көлікті өткізгені үшін қомақты төлемдер жасау мүмкіндігі жоқ па?", - дейді петиция авторлары

11 қаңтарда Президент кәдеге жарату алымының мөлшерлемесін қайта қарауды тапсырды. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл функциямен жеке компания емес, мемлекет айналысуы керек.

Үндеудің толық мәтінімен мына арадан танысуға болады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары