Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев қызметінен босатылды. Ақпаратты облыс әкімінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды qamshy.kz
«Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев емделу үшін 30 желтоқсанда еңбек демалысын алған болатын. Қала әкімі 10 қаңтарда жұмысқа кері шақыртылып алынды. Алайда, ол келесі күні денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық парақшасын аштырды. Облыс әкімінің өкімімен Қайрат Оразбаев 14 қаңтар күні өзінің өтініші негізінде Атырау қаласы әкімі қызметінен босатылды» делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарламасында.
Қазіргі таңда қала әкімінің міндетін қала әкімінің орынбасары Жұмабек Қаражанов атқаруда.
Қайрат Оразбаев Атырау қаласы әкімінің қызметіне 2020 жылдың қаңтар айында тағайындалған болатын.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.