Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық іс сотқа жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
«Қылмыстық іс сотқа жетті. Судья келіп түскен іс бойынша 5 тәулік ішінде жалпы немесе қысқартылған тәртіппен басты сот талқылауын тағайындау туралы не істі алдын ала тыңдауды өткізу туралы шешім қабылдайды», - деп жазылған қалалық сот таратқан хабарламада.
Адвокат Дмитрий Куряченконың айтуынша, іс материалдарымен танысу аяқталған.
«Іс материалдарымен танысу кезеңі аяқталды. Бірақ қорғауға тағы 14 қорап пен 4 томнан аса іс ұсынылған жоқ. Бірақ бұл іс сотқа жіберілді», - деді экс-министрдің адвокаты «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне.
Айта кетейік, Елжан Біртанов лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдікке ілініп отыр.
Сондай-ақ оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішев те тергеліп жатыр.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.