Бұл туралы халықаралық іздеуде жүрген экс-шенеунік Қанат Сұлтанбеков айтты, деп хабарлайды Atameken Business. Неше жылдан бері ләм-мим деп жақ ашпаған басты фигурант енді «сүттен ақ, судан тазамын» деп, өзінің әлеуметтік желісінде «ЛРТ хронологиясын» тізбелеп шыққан.
Онда құжатқа қол қоюға итермелеген Тасмағамбетов екенін көрсеткен. Сондай-ақ, жазбасында Әділбек Жақсыбековтың ұлы Дәурен мен Кәрім Мәсімовтың да аты аталады. Бұлардың ЛРТ жобасына қандай қатысы бар?