$ 444.32  473.33  4.76

«Өкпелі күйде кетіп бара жатқан жоқпын» – Атыраудың экс-әкімі

Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев қызметтен не себепті кеткенін айтты
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев қызметтен не себепті кеткенін айтты, деп жазды turkystan.kz. 

«Құрметті Атырау қаласының тұрғындары! Қадірменді жерлестер!

Өздеріңізге белгілі соңғы болып жатырған жағдайларға байланысты Атырау қаласы әкімі лауазымынан өз еркіммен босату туралы өтініш берген болатынмын. Өтініш қанағаттандырылып, бүгінгі күннен бастап қала әкімі лауазымынан босатылдым.

Осы екі жыл Атырау қаласы әкімдігі ұжымы және қоғаммен қызмет атқару кезінде біраз тәжірибе жинақтап, үйренгенім көп болды.

Әсіресе, қарапайым мұқтаж тұрғындардың, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылардың алдыма қойған мәселелерінің шешілуіне қолымнан келгенінше көмек көрсетуге баса назар аудардым.

Елге келген нәубет пандемия да өзінің ауртпашылығын көрсетті. Бұл кезеңде де қала әкімдігі, еріктілер және қоғам жанашыларымен белсене тиісті жұмыстар атқарылды.

Осы екі жыл ішінде қала бюджеті өте төмен болып, жұмысты жолға қоюға айтарлықтай әсер етті. Бұл ретте, осыған дейін жасалған құрылыс нысандары және инфрақұрылым сапасы шынайы сын көтермеді.

Осыған орай, қалалық әкімдіктің ұжымы жоғары деңгейде қызмет етті. Кейде мүмкін емес жұмыстарды да атқарды.

Осы жылдар кезінде, арнайы Азаматтық белсенділердің ашық ұстанымы мен нақты талаптарының айқындылығына және түсініктеріне ерекше алғысымды білдіремін.

Мен бұл қызметтен ауыр жағдайда немесе өкпелі күйде кеткен жоқпын.

Атырау – менің сүйікті қалам! Жерлестерімді ерекше ықыласпен сыйлап, әрдайым құрметтеймін», – деп жазды экс-әкім фейсбуктегі жазбасында.

Айта кетейік, бүгінде әкімінің міндетін қала әкімінің орынбасары Жұмабек Қаражанов атқарып жатыр.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары