$ 494.87  520.65  4.91

«Алматы әкімдігі ғимаратының қабырғаларын қирату керек» – Әзірбаев

Сарапшылар ғимарат қабырғаларынан сынамалар алып, талдау жүргізді. Оның алғашқы қорытындысы белгілі болды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев қалалық штаб отырысы барысында тәртіпсіздіктер кезінде өртеліп, қираған әкімдік ғимаратының сараптама нәтижесін жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Сарапшылар ғимарат қабырғаларынан сынамалар алып, талдау жүргізді. Оның алғашқы қорытындысы белгілі болды.

«Ғимараттың негізгі конструкциясында ақау жоқ. Қабырғалар өртеніп, сылағы түсіп қалған. Ал екінші қабатта үлкен іс-шаралар өткізетін залға қатысты мәселе туындап отыр. Залдың төбесіндегі күмбездің металл жақтауына зақым келген. Алдын ала есептеудің нәтижесі ертең белгілі болады. Соған сүйене отырып, ғимараттың едені мен қабырғаларына қатысты шешім қабылдаймыз. Біз барлық инженерлік желілерді өзгертеміз. Өйткені барлығы зақымданған. ҚазҚСҒЗИ кейбір қабырғаларды қиратуды ұсынып отыр», – дейді әкімнің орынбасары.

Оның айтуынша, Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде 243 нысан бүлінген, олардың шынысы мен есіктерін ауыстыру қажет.

«Бүлінген 10 мемлекеттік мекеме ғимараты бюджет есебінен жөнделеді. Соның ішінде әкімдіктердің 4 ғимараты, Qazaqstan телеарнасының ғимараты, Президенттің резиденциясы, Алматы прокуратурасы, Құқықтық статистика басқармасының ғимараты қатты бүлінді. Сондай-ақ Полиция департаментінің, фронт-офистердің ғимараттарын жөндеу көзделіп отыр. Қалған 17 нысанның шығыны көп емес», – дейді Мұхит Әзірбаев.

Бұл ретте қалпына келтіру жұмыстары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүргізілмек.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары