Алматы комендатурасының баспасөз қызметі өкілі 18 қаңтардағы қаладағы жағдайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жедел мәлімет бойынша, бір тәулік ішінде 147 күдікті ұсталған.
Терроризмге қарсы операция басталғаннан бері заңсыз шеруге, тонауға және басқа да қылмыстарға қатысқан 2 748 адам ұсталған.
Барлығы 131 атыс қаруы мен 4 179 оқ-дәрі тәркіленді.
Кейінгі тәулікте "102" пультіне 437 хабарлама келіп түсті.
Комендатураның Call-орталығына жедел әрекет етуді талап еткен азаматтардан 41 хабарлама түскен. Барлық хабарлама тексерілген.