$ 494.87  520.65  4.91

«Бағаны негізсіз өсірген»: «Яндекс. Таксиге» қатысты тергеу басталды

Бас прокуратура нарықтың 102 субъектісіне қатысты, оның ішінде сауда-саттықты ұйымдастырушыларға қатысты тексерулерді бастады.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин "Яндекс.Таксиге" қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"БКО тауар биржасының сауда алаңын ұйымдастырушыға қатысты хабарламаларды орындамау дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бас прокуратура Агенттік қызметкерлерін тарта отырып, нарықтың 102 субъектісіне қатысты, оның ішінде сауда-саттықты ұйымдастырушыларға қатысты тексерулерді бастады. Агенттік жедел желі арқылы алынған шағымдар аясында экономикалық қызметті үйлестіру белгілері бойынша "Яндекс.Такси" агрегаторына қатысты қосымша тергеу тағайындады", - деді Жұманғарин Үкімет отырысында.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тергеу #Такси