$ 448.15  483.46  4.86

Форт-Шевченко қаласының әкімі қамауға алынды

Бірақ ол өз кінәсін мойындамаған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Түпқараған ауданының сотында Форт-Шевченко қаласының әкіміне мас күйінде көлік жүргізгені үшін айып тағылды. Ол 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот Шалқыбай Әзірбаевты жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру туралы шешім шығарды, бірақ сотталушының өзі кінәсін мойындамады.

Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі нақтылағандай, әкім өзінен алкоголь иісінің шығуына ауырып тұрғандықтан мойнына жаққан спирттен болды деп түсіндірген. Шенеунікке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

«Сотта Әзірбаевтың Ақтау – Форт-Шевченко тас жолының үшінші шақырымында мемлекеттік нөмірі 397 АС 12 Toyota Camry маркалы көлігінің рөліне мас күйінде отырғаны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысы оның ағзасында 0,73%, яғни жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаңдықты растады.

Сот қаулысымен Шалқыбай Әзірбаев ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке қамау алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде әкімшілік жазаға тартылды»-делінген Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары