Жаңалықтар 18.01.2022 сағат 11:20

Миллиард тыңдалым: Иманбек Spotify наградасын алды

Иманбек Billions Club-қа қосылды
Миллиард тыңдалым: Иманбек Spotify наградасын алды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстандық диджей және саунд-продюсер Иманбек Зейкенов (Imanbek) Roses ремиксінің миллиардтық тыңдалымы үшін Spotify марапатын алды, деп жазды turkystan.kz.

Spotify Russia баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық диджей осы сыйлықты алғаш рет иеленіп отырған ТМД өкілі.

«Клубқа қош келдіңіз! Иманбек Billions Club-қа қосылды. Бұл оның Roses ремиксі миллиардтан астам рет тыңдалғанын білдіреді. Дәлірек айтсақ, 1,5 миллиардтан да көп», – делінген хабарламада.

Қазір тізімде Иманбектің жанында Билли Айлиш, Травис Скотт, Adele және басқа да белгілі әлемдік музыканттар тұр. Бүгінгі таңда Иманбектің Spotify-дағы ай сайынғы аудиториясы 17 миллион тыңдаушыға жетті.

Бұған дейін Spotify марапатын канадалық рэпер Дрейк, норвегиялық DJ Kygo және британиялық әнші Дуа Липа алған болатын.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар