Жаңалықтар 18.01.2022 сағат 12:00

Авгий атқорасын тазалаймын десе, Тоқаевқа қолдау көрсетейік - Әміржан Қосан

Президент өз маңайы емес, халыққа арқа сүйеуі керек!
Авгий атқорасын тазалаймын десе, Тоқаевқа қолдау көрсетейік - Әміржан Қосан
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әміржан Қосанов елді Тоқаевқа қолдау көрсетуге шақыруда, деп хабарлайды Адырна сайты. 

Ол өзінің желідегі жазбасында:

«Желіде әңгіме көп. Назарбаев, Тоқаев, олардың отбасы, күйеулер, тағысын тағы дегендей. Бәрі қызық, ел «тағы да кімді орнынан алып тастайды» деп, еліріп отыр. Нағыз хайп!

Соның соңына елтіп кетпейік. Анам айтпақшы, «паңқып жүріп», мемлекеттен айырылып қалмайық!

Меніңше, бір-ақ нәрсе керек: 1995 жылы аяқ астынан өзгертіліп, бар билікті бір адамның қолына шоғырландырған Конституцияны өзгерту керек!

Билік тармақтарының - заң шығарушы, атқарушы және сот - толыққандығын түзейік!

Егер шынымен Авгий атқорасын тазалаймын десе, Тоқаевқа қолдау көрсетейік!

Бірақ ол өзіне ғана тәуелді тағы бір режим құрғысы келсе, оған қарсымын!

Бүгінгі ақиқат сол: президент өз маңайы емес, халыққа арқа сүйеуі керек! Сонда бәрі өзгереді!

Дұрыс па?» деп жазды. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар