$ 494.87  520.65  4.91

Төтенше жағдай режимі толық аяқталады

Азаматтардың тікелей қауіпсіздігіне байланысты бірқатар тәртіптік шара бекітілді

5 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елдегі жағдайға байланысты Төтенше жағдай жарияланып, түнгі сағат 11-ден таңғы 7-ге дейін коменданттық сағат енгізілген болатын, деп хабарлайды Хабар 24.

Алғашында Алматы мен Маңғыстау облысында, ізінше барлық аймақ қосылды. Азаматтардың тікелей қауіпсіздігіне байланысты, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында бірқатар тәртіптік шара бекітілді.

Айта кету керек, жағдай тұрақтала бастаған соң 12 қаңтарда төтенше режим Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында тоқтатылды. Ал 14 қаңтарда  Шымкент пен Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қарағанды облыстарында төтенше жағдай режимі тоқтатылды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары