Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев халыққа видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өздеріңізге белгілі, біздің облыс аумағында террористік қауіптіліктің «қызыл« деңгейі сақталуда.
Сонымен қатар 19 қаңтардан бастап қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында облыстың барлық аумағында «Құқықтық тәртіп« жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілетін болады.
Сондай-ақ әлеуметтік желілерде кейбір жеке тұлғалар ертең, яғни 19 қаңтарда заңсыз митингілер мен шерулерге қатысуға шақыруда.
Осыған байланысты сіздерге митингілерді ұйымдастыру және өткізу талабы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы« заңымен реттелетінін жеткіземін»,- деді видеожазбада Серік Күдебаев.
Сонымен қатар департамент басшысы митингіні ұйымдастырушылардан жергілікті атқарушы органдарға бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы тиісті хабарламалар мен өтініштер түспегенін атап өтті.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.