18.01.2022, 18:20

«Дронды атпақ болды»: Әлдебір шенеуніктің үйін әскери емес қарулы адамдар күзетіп жүр

Фото: ашық дереккөз
Елімізде әлдебір шенеуніктің үйін қолында қаруы бар әскери шені жоқ белгісіз адамдар күзетіп, жақындатпай жатыр.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  хабарлайды.

"Шенеуніктің үйін автоматы бар түсініксіз адамдар күзетіп жүр. Және үйді дроннан түсіруге рұқсат бермейді. Тіпті олар автоматпен дронды атып түсіруге тырысты" -  деді журналист Facebook парақшасында.

Белгісіз күзетші өзін-өзі таныстырмай, қаруланып көшеде не үшін жүргеніне түсінік бермей, үндемей кетіп қалды.

Қандай әскер бөліміне жататыны белгісіз, белгілері жоқ екен,- деді автор.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.