Шымкент қаласының жергілікті полиция қызмет басқармасының бастығына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласының Полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Шымкент қаласының Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы М.Бұхарбаевқа қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазір Ішкі істер министрлігіне оны қызметінен босату туралы ұсыныс жолданды", - делінген хабарламада.
Михаил Козачковтың Telegram-арнасында Шымкент Полиция департаменті рота офицері-командирінің видеосы жарияланды. Кадрда ол Қазақстан Президенті мен ішкі істер министріне жүгінеді. Офицердің айтуынша, Шымкент Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Мұхтар Бұхарбаев оны қымбат заттар - жиһаз, жабдық, iPhone-ға құлаққап сатып алуға мәжбүрлеген.
"Дәлелдерді тергеуге бердік. Барлық дәлелге қарамастан, Бұхарбаев әлі күнге дейін өз орнында отыр. Іс Шымкент қаласының ҰҚК-не тапсырылды. Арызымды алу үшін маған белгісіз адамдар 10 миллион теңге ұсынып отыр. Мен адал полиция қызметкерімін, оны қабылдамаймын", - деді видео авторы.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.