$ 498.34  519.72  4.85

Сағынтаев 2050 теңгеге сиыр етін қайдан алуға болатынын айтты

Алматы бюджетінен әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ұстауға 11 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

«Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ұстау бойынша жүйелі шаралар жалғасады. Бұған жергілікті бюджеттен 11 млрд теңге бөлінді. Бөлінген қаражат есебінен «Магнум» желісінің 19 тауары мен «Тоймарт» желісінің 12 тауары, әлеуметтік маңызы бар өнімдер мен тауарлардың барлығы да төмендетілген бағамен сатылуда. Орта есеппен екі желіде көкөніс бағасы базар бағасынан 30-50 пайызға, ет өнімдері 10-15 пайызға, азық-түлік тауарлары 10-30 пайызға төмен» деді Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуынша, «Көк базар», «Ақ-Бұлақ», «Оптовка», «Сары арқа», «Тастақ», «Тау-Самал», «Алматы-1», «Түрксіб» жәрмеңкесі сияқты жеті азық-түлік базарында әлеуметтік дүкендер жұмыс істейді.

«Көкөніс өнімдері сауда орындарында базар бағасынан бір жарым-екі есе төмен бағамен сатылуда» дейді қала әкімі.

Әкім Алматының қай жерінде 2050 теңгеге сиыр етін сатып алуға болатынын да айтты.

«Жұлдыз», «Орбита», «Тау-самал», «Арыстан» және «Тастақ» сияқты бес базарда ет сататын дүкендер іске қосылды, онда сиыр етінің келісі 2050 теңгеден сатылып жатыр» деді Сағынтаев.

Алайда Orda.kz тілшісі Тастақ базарына барып, ет алмақшы болған. Алайда ол 2050 теңгеге сиыр етін сатып ала алмады. Сатушылардың айтуынша, ет сатылып кеткен, жақында қайтадан келуі мүмкін.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары