Экология және геология министрлігі еліміздегі утильдік алым бойынша мөлшерлемелер ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін қаралып, бекітілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әзірге Қазақстандықтар утильдік алымды ескі бағада төлейтін болады. Функцияларының операторлары “Жасыл даму “ АҚ-ға берілді. Утильдік алымның коэффициенттерін қайта қарау бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.
"Мөлшерлемелер ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін қаралып, бекітілетін болады. Жұмыс тобы нәтижелер туралы ақпаратты министрліктің интернет-ресурсында бөлісетін болады. Аталған уақытқа дейін кәдеге жарату алымы "Жасыл Даму" АҚ операторына қолданыстағы мөлшерлемелер бойынша төленеді", - делінген министрліктің хабарламасында.
Еске салсақ президент Қасым Жомарт Тоқаев "ӨКМ Операторы"ЖШС-не утильдік алымды тоқтату және оған иелік ету бойынша шаралар қабылдауды тапсырған болатын.
«Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ұстау бойынша жүйелі шаралар жалғасады. Бұған жергілікті бюджеттен 11 млрд теңге бөлінді. Бөлінген қаражат есебінен «Магнум» желісінің 19 тауары мен «Тоймарт» желісінің 12 тауары, әлеуметтік маңызы бар өнімдер мен тауарлардың барлығы да төмендетілген бағамен сатылуда. Орта есеппен екі желіде көкөніс бағасы базар бағасынан 30-50 пайызға, ет өнімдері 10-15 пайызға, азық-түлік тауарлары 10-30 пайызға төмен» деді Бақытжан Сағынтаев.
Оның айтуынша, «Көк базар», «Ақ-Бұлақ», «Оптовка», «Сары арқа», «Тастақ», «Тау-Самал», «Алматы-1», «Түрксіб» жәрмеңкесі сияқты жеті азық-түлік базарында әлеуметтік дүкендер жұмыс істейді.
«Көкөніс өнімдері сауда орындарында базар бағасынан бір жарым-екі есе төмен бағамен сатылуда» дейді қала әкімі.
Әкім Алматының қай жерінде 2050 теңгеге сиыр етін сатып алуға болатынын да айтты.
«Жұлдыз», «Орбита», «Тау-самал», «Арыстан» және «Тастақ» сияқты бес базарда ет сататын дүкендер іске қосылды, онда сиыр етінің келісі 2050 теңгеден сатылып жатыр» деді Сағынтаев.
Алайда Orda.kz тілшісі Тастақ базарына барып, ет алмақшы болған. Алайда ол 2050 теңгеге сиыр етін сатып ала алмады. Сатушылардың айтуынша, ет сатылып кеткен, жақында қайтадан келуі мүмкін.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.