$ 446.49  475.38  4.79

«Жыл басынан бері жол апатынан 100-ден асa адам қаза тапты» - ІІМ

400-ге жуық адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.

Жыл басынан бері жол апатынан 100-ден аса адам қаза болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа қарамастан, жолдардағы жағдай әлі де күрделі. Қаңтардың басынан бері жол апатынан 100-ден аса адам қаза болып, 400-ге жуық адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.

Кейінгі аптада екі және одан да көп адам қаза болған жол апаты көбейген. 14 қаңтарда Honda Odyssey автокөлігімен келе жатқан жүргізуші Атырау облысында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолында ВАЗ-2115 көлігімен соқтығысып, салдарынан 5 адам қаза тауып, біреуі ауруханаға түскен.

15 қаңтарда Қызылорда облысы Арал-Қазалы тасжолында көктайғақ салдарынан Mazda NPV көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан 8 адам қаза тапты.

18 қаңтарда Жамбыл облысындағы Саудакент-Жаңатас тасжолында КамАЗ көлігінің жүргізушісі бұрылыста жол бермей, Audi А6 көлігімен соқтығысты. Жол апатынан төрт адам қаза тауып, біреуі ауруханаға түскен.

19 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында Омбы-Майқапшағай тасжолында Киа Rio көлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамай, маневр жасау кезінде метеорологиялық жағдайды (қар, боран) ескермей, Mitsubishi Outlander автокөлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан төрт адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түскен.

Жолдардағы осы қайғылы оқиғаларға байланысты әкімшілік полиция комитеті жол қозғалысының барлық қатысушысын қауіпсіз қозғалыс жылдамдығы мен автокөліктер арасындағы арақашықтықты қатаң сақтауға шақырады. Автокөлік иелері ауа райының өзгеруін мұқият қадағалап, нашарлаған жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеуі керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары