22.01.2022, 03:10

Бұлбұл жыл құсы болып жарияланды

Фото: ашық дереккөз
Айта кетейік, өткен жылы бірқазан, 2020 жылы ителгі (балобан) Қазақстанның жыл құсы болып жарияланған.

Биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (ҚБСҚ) бұлбұлды Қазақстандағы жыл құсы деп жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"ҚБСҚ мүшелері 2022 жылғы құсты таңдады. Тізімді ҚБСҚ және Қазақстан құстарды қорғау одағының орнитологтары ұсынды. Нәтижесінде бұлбұл Қазақстандағы жыл құсы болып жариялады", - деп жазылған хабарламада.

Елде бұлбұлдың 2 түрі бар: оңтүстік және қарапайым. Олар өте ұқсас болып келеді. Құстың 2 түрі де қысты басқа жаққа ұшып кетеді. Қарапайым бұлбұлдар ұясын елдің солтүстігінде, ал екінші түрі басқа өңірлерде салады.

Айта кетейік, өткен жылы бірқазан, 2020 жылы ителгі (балобан) Қазақстанның жыл құсы болып жарияланған. Елдегі жыл құсын таңдау 2006 жыл бері жүргізіліп келеді.  

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Тегтер: құс бұлбұл