Павлодарлық әйел ұлының үстінен полицияға шағым түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Павлодарда 20 қаңтар күні “102” нөміріне Желтоқсан көшесіндегі үйдің тұрғынынан шақырту түскен. Көз жасына ерік берген әйел 33 жастағы ұлының үстінен шағымданады.
Сөзінше, баласы оған балағат сөздер айтып, заттар лақтырған. Жанжал ер адамның жұмыс іздегісі келмейтінін айтқаннан кейін басталғаны белгілі болды.
"Бұл бірінші рет емес, бірақ менің шыдамым таусылды, – деді әйел.
Тәртіп сақшылары ер адамның үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы бойынша хаттама толтырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Өз кезегінде ер адам анасынан кешірім сұрап, жаңа өмір бастауға уәде берді.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.