Sputnik Қазақстан хабарлағандай, оқиғаның мән-жайын зардап шеккен екі жасар қыздың анасы айтып берді. Елорда жұртшылығы оның оқиғасы туралы жергілікті парақшалардан таратқан.
Оның айтуынша, ол 12 қаңтарда қызын балабақшадан алып кеткеннен кейін, баласының жарақатынтарынан шошып кеткен.
«Қызым әлі екіге толмаған. 12 қаңтар күні мен баланы жекеменшік балабақшадан алып кеттім. Білегінде көгерген жерлерді, мойнымдағы тұншығу іздерін көргеннен шошып кеттім. Болған оқиғаны көргендер үнсіз қалды» дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Марина.
Оның айтуынша, сәбиде мұндай жарақат алмаған. Бірақ 10, 11 және 12 қаңтарда қыз бала бақшаға барғысы келмеген. Маринаның айтуынша, қыздың тілі әлі шықпаған.
Әйелдің айтуынша, тәрбиешіге қатысты іс қозғалды. Бірақ бір аптадан кейін тергеуші оған медициналық сараптаманың нәтижелері әлі белгісіз екенін айтты.
Қыздың анасы істің қозғалмайтынына алаңдайды және қоғамнан көмек сұрайды.
Полициядан мәлім еткендей, жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл іс полиция департаменті басшылығының бақылауында» делінген таратылған түсініктемеде.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.