$ 449.3  489.69  4.89

«Елдегі кедейлік пен жұмыссыздық «Қазақстан халқына» қоры арқылы шешілмейді» – Болат Жәмішев

Көмек алдымен аса мұқтаж жандарға бағытталады.
Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz

«Қазақстан халқына» қорына түскен қаражат есебінен елдің әлеуметтік проблемасын толықтай шешу мүмкін емес. Бұл туралы ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында қордың басқарма төрағасы Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Баршаның назарына тағы бір қайталап айтқым келеді. Қор есебінен бүкіл әлеуметтік мәселені шешу мүмкін емес. Яғни, елдегі кедейлік, жұмыссыздық қор жұмысы арқылы шешілмейді. Әрине, қайырымдылық есебінен белгілі бір көлемде мұқтаж жандардың проблемасын шешуге болады. Біз қолдан келгенше баршаны қамтуға тырысамыз, дегенмен көмек алдымен аса мұқтаж жандарға бағытталады», - деді Болат Жәмішев.

Қор басшысының айтуынша, қорға қаржы аударған әр адамның оның қайда жұмсалып жатқаны туралы білуге толық құқығы бар.

«Қордың жұмысы ашық жүргізіледі. Қор қызметіне қатысты барлық ақпараттар біздің сайтта жарияланады. Яғни, қанша қаржы түсіп жатыр, ол қайда жұмсалып жатыр барлығы ашық көрсетіледі. Ашықтық - біз көздеп отырған басым бағыттың бірі», - деді ол.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары