2021 жылы кәмелетке толмағандарды іздестіру жөніндегі азаматтардың 162 өтінішінің ішінен хабар-ошарсыз кеткендердің орналасқан жері анықталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, балаларды полиция қызметкерлері еріктілер мен мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен тапқан.
- Кәмелетке толмағандардың жоғалуының әрбір фактісі бойынша полиция қызметкерлері оқиға орнына барып, олардың жоғалуының себептері мен жағдайларын анықтау үшін шұғыл шаралар жүргізуде. Халықты әлеуметтік желілер арқылы хабардар ету дереу жүзеге асырылса, іздеуге қала тұрғындар, әскери бөлімшелер және қызметтік-іздестіру иттері тартылады, - деді Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибегүл Қамзина.
Спикер атап өткендей, балалар мен жасөспірімдердің үйден кетуінің негізгі себептері көбінесе ата-аналармен, қоршаған ортамен қақтығыстар және туындаған мәселелерді шешуде тәжірибенің болмауы себеп болады.
- Үйден өз бетінше екі немесе одан да көп рет кетіп қалған кәмелетке толмағандар ІІО-ның тізімдік есебіне жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асыру үшін қойылады. Түзелу жолына түспеген жасөспірімдер интернаттық мекемелер мен арнайы білім беру ұйымдарына, оның ішінде ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберіледі, - деп қорытындылады Бибегүл Қамзина.
Кәмелетке толмағандардың өз бетінше кетуінің әрбір фактісі кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың отырыстарында қаралады. Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына жіберу, медициналық тексеру жүргізу, баланың психологиялық және физикалық ауытқуларын анықтау үшін мәселелер қаралады.