Атырауда 9 жастағы бала жоғалып кетті. Ол Балықшыдағы үйінен інісімен ойнауға шығып, қайта оралмаған, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.
Балалар 22 қаңтарда сағат үште серуендеуге шығып, алтыға қарай кіші ұлы қайтып келіп, ағасы әрі қарай жүруге кеткені белгілі болды. Бір жарым сағат бойы ата-анаcы баласын өздері іздеп таппай полицияға қоңырау шалған. Баланың аты - Еппили Саяли Аннанд Раон. Ол шағылысатын элементтері бар қара-сұр күртеше мен көк бас киім киген.
Таңертеңгі сағат 5.30-да құтқарушылар іздестіруге жұмылдырылды. Қазір құтқарушылар Балықшы шағынауданында іздестіріп жатыр, сондай-ақ, Перетаска каналына сүңгуірлер тексеріс жүргізіп жатыр.
"Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 17 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды", - деді ТЖД баспасөз қызметі өкілі.
Сонымен қатар, Балықшы тұрғындары мен бала оқитын мектеп мұғалімдері іздестіріп жатыр.
Баланың орналасқан жері туралы нәрсені білетіндерге анасының номеріне +7 778 586 1956 хабарласу немесе полицияға 102 номері бойынша хабарласу сұралады.