$ 447.4  477.55  4.76

Еліміздегі жоғарғы оқу орындарының бірі Аризона университетінің басқаруына берілмек

Uniersity of Arizona – Аризона штатының қоғамдық ғылыми-зерттеу бағытындағы жоғарғы оқу орны.

Қазақстанда Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін Uniersity of Arizona-ның басқаруына беру туралы заңдық рәсім басталды. Бұл туралы экономист Олжас Құдайберген өз Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның сөзінше, келісімге ақпан айында қол қойылады. Бұдан кейін жаңа оқу жылына дайындық басталады. Бұл кезеңде іріктеу жаңа ереже мен стандарттар бойынша жүреді.

"Сенімді басқару аясында UoA Солтүстік Қазақстан университетінің оқу барысы мен бағдарламасын өз стандарттары бойынша дайындайды. Сонымен қатар қаржылық адалдық бойынша жоғарғы көрсеткіш көрсетуі қажет. Бұл қазақстандық ЖОО тікелей аккредитациядан өтіп, халықаралық рейтингте жоғары орынды иеленуі үшін маңызды", - деп жазды Құдайбергенов. 

Сонымен қатар UoA оқытушылары сабақ беретін арнайы студенттер тобы құрылмақ. Бұл үшін 5 жыл көлемінде жыл сайын 1 000 грант бөлінеді. 

"Бір семестр Аризонадағы кампуста оқуы үшін жіберіледі. Бұл студенттер бірден СҚУ мен UoA дипломын алады", - деп қосты экономист. 

Олжас Құдайбергеновтің сөзінше, аталмыш бастама үш жыл бұрын жоспарланған. Ал 29 шілдеде Президент UoA басшылығымен кездесіп, толығымен қолдау көрсетуге уәде берген. 

"Егер Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі аризоналықтарды жақсы қарсы алмағанында, бас тартуы да мүмкін еді. Аризоналықтар аймақтық университетті өз басқаруларына алу мүмкіндігі аз еді. Бірақ дұрыс қарым-қатынас пен командалық жұмыс нәтижеге жетуге көмектесті", - деді экономист. 

Айта кетейік, 11 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев жоғарғы білімді қол жетімді етіп, елде 5 шетелдік ЖОО бөлімін ашуға тапсырма берген. 

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті – СҚО-дағы жалғыз көпсалалы университет. Мұнда студенттер 7 факультетте 60 мамандық бойныша білім алады. 

Қазіргі таңда СҚУ-да 7 000-нан аса студент білім алады. Оқу және ғылыми жұмыспен 25 кафедра шұғылданады. Оның құрамында 3 академик, 8 мүше-корреспондент, 40 доктор мен профессор, 100 доцент және ғылым кандидаты бар.

Uniersity of Arizona – Аризона штатының қоғамдық ғылыми-зерттеу бағытындағы жоғарғы оқу орны. Негізі 1885 жылы қаланған. 
Center for World University Rankings рейтингінде UoA 93-орынға ие. Сонымен қатар ол NASA-ның зерттеу бойынша серіктестерінің бірі. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ЖОО