Коронавирустың омикрон штамы Еуропадағы COVID-19 пандемиясын тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеді ДДСҰ-ның Еуропадағы аймақтық директоры Ханс Клюге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Еуропа пандемияның соңғы кезеңіне жақындап қалған болуы мүмкін", - деді Клюге.
Аймақтық бюро директорының айтуынша, Еуропада омикронның күрт өсуі басылғаннан кейін біраз уақыт жаһандық иммунитет болады. Ол иммунитет вакцина арқылы немесе маусымдық ерекшеліктерге байланысты қалыптасады.
"Біз COVID-19 қайта оралғанға дейін тыныштық кезеңін күтеміз, бірақ бұл пандемия толықтай аяқталды дегенді білдірмейді.
Бұл вирус бізді бірнеше рет таңғалдырды, сондықтан біз өте сақ болуымыз керек", - деді ол.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.