$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда 52 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді

Атыраулық әйел ұзақ уақыт бойы табиғи жолмен жүкті бола алмаған, жылдар бойы емделіп келген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Атырауда 52 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді, - деп хабарлайды ATPress.kz.

19 қаңтарда әйел Атырау облыстық перинаталдық орталығына түскен. Оған шұғыл түрде операция жасалған. Жаңа туған нәрестенің салмағы - 3 келі 70 грамм, бойы - 51 сантиметр.

Қазір ана мен бала үйінде, олардың жағдайы жақсы екені айтылды. Облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметі өкілі әйелдің ұзақ уақыт бойы табиғи жолмен жүкті бола алмағанын, көп жыл емделгенін айтты. Жасанды ұрықтандырудың арқасында ол жүкті болып, көптен күткен баласы дүниеге келген.

Еске салайық, 2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Соған сай ұрықтандыру бағдарламасы бойынша квотаны жеті мыңға дейін, яғни жеті есеге арттыру міндеті қойылды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары