$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда электр қуаты толық қалпына келтірілді

Апат кезінде мегаполистің барлық әкімшілік ауданы бойынша барлығы 92 мыңнан астам тұтынушы, оның ішінде 88,5 мыңға жуығы – тұрғын үйлер мен пәтерлер электр қуатынан ажыратылған.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Алматыда электр қуаты толық қалпына келтірілді. Бұл туралы "Алатау Жарық компаниясы" АҚ мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Алатау Жарық компаниясы" АҚ "Солтүстік-Оңтүстік" жоғары вольтты электр тарату желісінде болған апаттық жағдай салдарынан электр қуатынан ажыратылған Алматы қаласының тұтынушыларын электрмен жабдықтауды толық көлемде қалпына келтірді. Ағымдағы тәуліктің 13 сағат 53 минутында барлық ажыратылған абоненттерге электр энергиясы берілді", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, апат кезінде мегаполистің барлық әкімшілік ауданы бойынша барлығы 92 мыңнан астам тұтынушы, оның ішінде 88,5 мыңға жуығы – тұрғын үйлер мен пәтерлер электр қуатынан ажыратылған.

Бұған дейін Алматы мен бірқатар өңірде жарық сөніп қалғаны хабарланған болатын.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы #жарық