Үкімет Қазақстанның энергожүйесі қалпына келтірілгені туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2022 жылдың 25 қаңтарында сағат 11-59-да (Нұр-Сұлтан уақытымен) Орталық Азия (Өзбекстан, Қырғызстан) энергия жүйесіне байланысты туындаған авариялық теңгерімсіздіктің салдары Қазақстанның "Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік" электр энергиясының транзитіне 500 кВ қуат зақым келтірді.
Электр желілерінің зақымдалуына жол бермеу және ірі жүйелік аварияны болдырмау мақсатында "Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік" электр транзиті аварияға қарсы автоматиканың дұрыс жұмыс істеуі арқылы бөлінді, бұл Қазақстанның оңтүстік аймағындағы тұтынушылардың тоқтан толық ажыратылуына жол бермеді. Штаттан тыс жағдай орын алған кезде Қазақстанның оңтүстік аймағындағы тұтыну көлемі 3200 МВт құрады", - делінген хабарламада.
Тағы оқыңыз: Алматы мен бірқатар өңірде жарық сөнді
Аварияға қарсы автоматика әрекетімен тұтынушыларды 1300 МВт көлемінде электрмен жабдықтай отырып, Жамбыл ГРЭС-і, Шымкент ЖЭО-3, Қызылорда ЖЭО-6 және Алматы облысының электр станцияларының жұмысын толық тоқтатуға жол берілмеді. Мәжбүрлі шектеулер 1900 МВт құрады.
50 Гц нормативтік жиілікте - Орталық Азияның энергия жүйесіндегі жиілік 47 Гц-ке дейін күрт төмендеді, соның салдарынан Өзбекстан мен Қырғызстанның энергия жүйелері толық өшірілді.
Сағат 13:39-да Қазақстанның ұлттық электр желісінің қалыпты схемасы қалпына келтірілді. Қырғызстанның энергия жүйесімен қатарлас жұмыс қайта жанданды.
Сағат 14:53-те Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша барлық шектеулер алынып тасталды.
Сағат 15:10-да Жамбыл 500 кВ, Шымкент 500 кВ шағын станцияларына кернеу берілді. Қазақстанның оңтүстік аймағының барлық өңірлерінің тұтынушыларын электрмен жабдықтау 16:00-де қалпына келтірілді.
Тағы оқыңыз: KEGOC жарықтың өшуіне байланысты түсінік берді
Уақытылы қабылданған шаралардың арқасында энергия жүйесінің қалыпты режимі және тұтынушыларды электрмен жабдықтау қысқа мерзімде қалпына келтірілді.
Өзбекстан мен Қырғызстанның энергия жүйесінде тұтынушылар тоқтан толық өшірілді. Қатарлас жұмыс аясында Қазақстан тарапынан Өзбекстан Республикасындағы аварияны жоюға көмек көрсетіліп жатыр, өңірлік станциялар кезең-кезеңімен іске қосылып, электрмен жабдықтау қалпына келтіріліп жатыр.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.