Жаңалықтар 25.01.2022 сағат 23:11

Қысқы олимпиададан жүлде алған спортшыларға Қазақстан қанша сыйақы береді?

Бірінші орын үшін – 250 мың доллар, одан кейін – 150 мың және 75 мың доллар сыйақы бекітілген.
Қысқы олимпиададан жүлде алған спортшыларға Қазақстан қанша сыйақы береді?
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Бейжіңде өтетін XXIV Қысқы Олимпиада мен Паралимпиадада жүлде алған спортшыларға қанша сыйақы берілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Жүлделі орын алған олимпиадашылар мен паралимпиадашылар (1-6 орын) ақшалай сыйақы алады. Заңда қарастырылғандай, жеңіп алған медальдарға қарай пәтер де бөлінеді. Бірінші орын үшін – 250 мың доллар, одан кейін – 150 мың және 75 мың доллар сыйақы бекітілген. Медаль жеңіп алған жағдайда, бұл қаражат ҚР мемлекеттік резервінен төленеді", –  деді Серік Жарасбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Брифинг барысында вице-министр паралимпиада ойындарында дайындық туралы айтып берді.

"Паралимпиадашыларға олимпиадашылар сияқты бірдей көңіл бөлу керек. Олимпиадашыларды шығарып салу кезінде Президенттің қабылдауында екі паралимпиадашы болды. Паралимпиада ойындарында спортшыларымыз бірнеше есе аз – оған 4 адам ғана қатысады,оның екеуі шаңғы спортында және екеуі биатлонда. Дайындық қызу жүріп жатыр. 5-25 ақпанда спортшылар оқу-жаттығу жиынына – "Алатау" шаңғы-биатлон кешеніне барады. Паралимпиада комитетімен барлық мәселелер пысықталды. Олардың саны әлдеқайда аз болғандықтан, бар мәселе жылдам шешіледі. Біз оларға сәттілік тілейміз", – деді Жарасбаев.

Тағы оқыңыз: Қысқы Олимпиадаға қанша қаржы бөлінеді?

Айта кетсек, XXIV қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 4-і мен 20-ы аралығында Яньцин, Чжанцзякоу және аспан асты елінің астанасы – Бейжің қаласында өтеді. Оған әлемнің 95 елінен 4000-нан астам спортшы қатысады.

Биылғы Бейжің Олимипидасына 34 қазақстандық спортшы аттанады. Оларда спорттың 8 санаты (биатлон, шаңғымен жарыс, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл (могул, акробатика), таушаңғысы спорты, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты) бойынша 87 лицензия бар.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар