26.01.2022, 11:00

«Оператор РОП» басшысы мен Экология экс-вице-министрі ұсталды» – Еділов

Фото: ulysmedia.kz
Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Әдеттегідей «кейбір дереккөздерге сүйенген» Еділов Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болған Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ операторы» басқарма төрағасы ұсталғанын жария етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

 «Кейбір деректерге сәйкес, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікпен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұловты және «РОП Оператор» ЖШС басқармасының төрағасын ұстады. Медет Құмарғалиев елден шығып кетпек болған», - деп жазады Еділов телеграм арнасында.

Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланып отыр.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Тегтер: жемқорлық