$ 494.87  520.65  4.91

Ольга Перепечина Сенат төрағасының орынбасары болып сайланды

«Президиум әдемі бола түсті!», деген дауыс залдан естілді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Парламент Сенаты спикерінің орынбасары қызметіне Ольга Перепечина сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сенат төрағасының орынбасарын сайлау" - күн тәртібінің бірінші мәселесі. Конституциялық нормаларға сәйкес палата орынбасарының кандидатурасын Палата төрағасы ұсынады. Мен Ольга Перепечинаның кандидатурасын ұсынамын. Сіздер Ольга Валентиновнаны жақсы білесіздер, ол өз ісінің нағыз шебері, тәжірибелі сенатор, Солтүстік Қазақстан облысынан екі рет сенатор болып сайланды. Әрқашан табандылық танытып, мемлекет мүддесін бәрінен жоғары қоятын", - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Депутаттар оны тағайындауға дауыс берді. Мәулен Әшімбаев Перепечинаны төралқаға өтуге шақырды.

"Президиум әдемі бола түсті!", - деген дауыс залдан естілді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары