$ 441.66  475.14  4.86

«Мен сенің қожайыныңмын»: полицеймен әңгімесін видеоға түсірген азамат қамалды

Ол өзін таныстыруды сұраған полиция қызметкеріне «Царь Роман Александрович» деп жауап берген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Желіде кең тараған видео авторы қамауға алынды, ол полиция қызметкерін арандатып, оның заңды талабына мойынсұнбаған

АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Өскемендегі үйлердің біріне шақырту бойынша келген учаскелік полицейді арандатуға тырысқан ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлады.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жариялаған.

Видео әлеуметтік желіде кең тарады, ал желі қолданушылары полицейді «қызметші», өзін «мен сенің қожайыныңмын» деп атаған мас адамның әрекетін сынға алды.

Ол өзін таныстыруды сұраған полиция қызметкеріне «Царь Роман Александрович» деп жауап берген. Ал желі қолданушылары учаскелік полицейдің сабырлы екеніне және шыдамдылық танытқанына тәнті болды.

27 қаңтарда сот ер адамды қамауға алу туралы қаулы шығарды.

Өскемен қаласының полиция басқармасының хабарлауынша, айыпталушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабы 1-бөлігі (құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) қолданылды, ол 5 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі санкцияны көздейді.

«1981 жылы туған ер адам әрекетіне өкінетінін айтып, кешірім сұрады», - деп хабарлады полиция.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары