Нұр-Сұлтанда ер адам тоғызыншы қабаттың терезесінен жайма арқылы түспек болып, қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиға 26 қаңтарда Құдайбердіұлы даңғылында болған.
"Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері 59 жастағы ер адамның мәйітін тапты. Оның 9-қабаттың балконынан төмен түсуге тырысқаны анықталды", - деді полиция қызметкері.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция қызметкері ер адам бір-біріне байланған жайма арқылы төмен түсуге тырысқанын растады.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.