$ 449.58  486.94  4.86

Шымкент – Самара тас жолындағы жол апатынан үш адам қайтыс болды

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz

Батыс Қазақстан облысындағы Шымкент – Самара тас жолында жол апаты болып, үш адам қайтыс болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"Volkswagen Sharan маркалы минивэннің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол жерде ол жол жиегінде тұрған Merсedes ауыр жүк көлігімен соқтығысқан", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы полиция  департаментінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш жолаушы (1987, 1988 жылы туған екі әйел және 1976 жылы туған ер адам) оқиға орнында көз жұмды, қалған үш жолаушы мен Volkswagen жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі (Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары