Білім және ғылым министрлігі "Болашақ" бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайтын оқу орындары тізіміне Ресейдің жетекші техникалық университеттері енгізілгенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Енді техникалық бағыттағы мамандарды дайындайтын оқу орындары тізімінде мына ресейлік университеттер бар:
• Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті;
• "МИФИ" Ұлттық зерттеу ядролық университеті;
• Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті;
• Санкт-Петербург мемлекеттік университеті және Мәскеу физика-техникалық институты.
Қазіргі уақытта министрлік тізімге "МИФИ" Ұлттық зерттеу техникалық университетін және Ұлттық зерттеу университетін енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр", - деді Білім және ғылым министрлігі өкілдері.
Министрлік мәліметінше, тізімге 27 елдің 200-ден астам университеті енген.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.