Нұр-Сұлтанда көлік жол белгісіне соқтығысып, аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 28 қаңтарда сағат 05.22-де Honda автокөлігінің жүргізушісі Қарасай батыр көшесімен Бұланты көшесіне қарай кетіп бара жатып, жол белгісіне соғылып, аударылып кеткен.
"Ер адам көлікті орташа мас күйінде жүргізген. Дене жарақатын алған жүргізуші ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін босатылды", - деді полиция өкілі.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.