Алматы әуежайындағы кофеханалар желісінің иесін өлтіремін деп қорқытып, көлігін өртеп жібермек болған.
Айжан Бектібаева Алматы әуежайындағы кофеханалар желісін 20 жылдан бері басқарып келеді. 5 қаңтарда лаңкестер әуе айлағы ғимаратын басып алған кезде ол жұмыс орнында болған.
Оның айтуынша, түскі ас кезінде әуежайды әскерилер қоршап алған. Ішкі және халықаралық рейстер кейінге қалдырылып, басқа уақытқа ауыстырылды. Күту залында жолаушылар көп болды. Кәсіпкердің болжамы бойынша ғимаратта кем дегенде 400 адам болған.
Сағат 16:00 шамасында әйел әуежайға кіре берістегі шлагбаумдардың ашық екенін байқаған. Сағат 18:00-ге қарай әуежай әкімшілігі кезекшілерді үйлеріне жіберіп, түнгі ауысымға кезекшілікке кіріспеуді бұйырды. Бұған дейін әуежайды күзететін әскерилер де аталған аумақты тастап кеткен.
– Әуежай әкімшілігі кейбір кәсіпкерлерге ғимараттан кетуді ескертті. Алайда, қазақстандық тамақ желісінің иесі ретінде маған ешкім ескертпеді, – деп ашуланады Бектібаева.
Оның ойынша, әуежай әкімшілігі «тонаушылар тұқымын» әдейі қалдырған. Оның ойынша, әуежай ғимаратында орналасқан шетелдік компаниялардың қызметкерлеріне ғимараттан кету керектігі туралы хабарлап, ал қазақстандықтарға айтпай қойған.
Сағат 19:00-ге таяп қалғанда ғимаратта қалған қызметкерлер әуежайға бет алған тонаушылар туралы айта бастады. Әйел шошып кетіпғ 102 кезекшісіне қоңырау шала бастады. Бірақ олар ондай мәлімет жоқ екенін айтты. Көп ұзамай тонаушылар ғимаратқа басып кірді. Әуежай қызметкерлері мен жолаушылар үрейленіп, ғимараттан шыға бастады. Қарулы қарақшылар қашып бара жатқан халықтың артынан: «Әуежай қоршалды, бұл жерден ешкім кетпейді!» деп айқайлай бастаған.
Айжан Бектібаева және тағы үш әуежай қызметкері ғимараттан жүгіріп шығып, көлік тұрағына жеткен. Оларды тонаушылар қоршап алып, көлікке бензин шаша бастады. Жақын жерде тұрған бірнеше көлік әлдеқашан өртеніп кеткен.
Бектібаева көлікті оталдырды да, шлагбаумға қарай жылжыды. Алайда сыртқа шығып бара жатқанда оларды автоматтары бар адамдар қоршап, оның көлігінен мемлекеттік нөмірін шешіп алып, әйелді өткізіп жіберген.
Келесі күні әуежай ғимаратына кірмек болған Бектібаеваны екі сағаттан кейін ғана ішке кіргізді. Оның дүкендері мен кофеханаларын тоналған.
– Ең сорақысы, әуежайды қорғауға тиіс сарбаздар тонаушылардан кейін ұрлай бастады. Олар тамақ ішіп, алкогольдік сусындарды ішіп, әтірлерді үстеріне сеуіп жүрді, – деп бөлісті Бектібаева.
Қалған мүлкінің қауіпсіздігіне алаңдаған әйел полиция келгенше әуежай ғимаратында түнеуге мәжбүр болған.
Әйел тонау фактісі бойынша Бас прокуратураға арыз жазған. Сауда нүктелері мен кофеханаларын қалпына келтіруге оған 20 күн қажет болған. Бектібаева да «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан көмек сұраған. Алайда олар оның шынымен де зардап шеккенін растайтын құжаттарды талап еткен.
Әйел бұл туралы әуежайдың желілік полиция бөліміне жүгінген. Онда оған қадағалау органынан өтінішті алмайынша, құжаттарды қабылдамайтынын жасырын түрде тұспалдаған. Ол өтінішті қабылдаудан бас тартты.
Нәтижесінде әйел кәсіпкерлер палатасынан да, «Nur Otan» партиясынан да көмек ала алмаған.
Orda.kz тілшісі көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен түсініктеме алуды сұрағанымен, әзірге жауап жоқ.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.