$ 494.87  520.65  4.91

Қытаймен шекарада 12 мыңнан астам көлік кезекте тұр (ВИДЕО)

Мұндай жағдай «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы Нұр жолы, Алтынкөл және құрғақ порттың автомобиль өткізу бекеттерінде туындаған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақастан мен Қытай  шекарасында 12 жарым мыңнан астам автокөлік қаңтарылып тұр, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Мұндай жағдай «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы Нұр жолы, Алтынкөл және құрғақ порттың автомобиль өткізу бекеттерінде туындаған. Мәселені жыл басында Алматыда болған оқиғалар ушықтырып жіберген.  Аударымдар мен төлемдер кешіктірілуде.

Ал қаржы министрлігінің мәліметінше, шекарадағы жұмыс тәртібі түбегейлі қайта қаралып, кез келген заңсыз әрекет тоқтатылады. Бір күндік фирмалар, жалған декларациялау фактілері және кеден заңнамасы мен басқа да заң бұзушылықтар тексеріліп жатыр.

«Кедендік статистикадағы алшақтық деңгейі мемлекет пен бизнестің үйлесімді жұмысының қорытынды индикаторы болады. Кеденнің қызметі ашық болуы керек және ең бастысы бюджетке түсетін түсімдердің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс» деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары