Жаңалықтар 29.01.2022 сағат 11:30

Қазақстан құрамасы олимпиадалық қалашықтарға орналасты

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах спортшылармен тілдесіп, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.
Қазақстан құрамасы олимпиадалық қалашықтарға орналасты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстандық командалар Қытайға жетіп, Олимпиадалық қалашықтарға сәтті орналасты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Өздеріңіз білетіндей, Қысқы Олимпиада ойындары үш кластерде, атап айтқанда, Бейжің, Чжанцзякоу және Яньцинь аймақтарында өтеді.

Мұз айдындындағы барлық жарыс Бейжіңде өтеді. Қытай астанасындағы Олимпиадалық қалашықта конькимен жүгіру мен шорт-тректен Қазақстан құрамалары орналасты.

Олимпиадалық картадағы ең алыс аймақ көрші Хэбэй провинциясында орналасқан таулы Чжанцзякоу болды. Онда фристайл-могул, трамплиннен шаңғымен секіру, шаңғы жарысы және шаңғы қоссайысы бойынша құрама командалар жайғасты. Ал Янциньде тау шаңғысының спортшылары орналасты.

«Бейжіңге келіп, міндетті ПТР сынақтарынан өткеннен кейін бірден Олимпиадалық қалашықтарына бардық. Бейжің мен Чжанцзякоу арасындағы жол 3 сағатқа созылады. Біздің фристайл-могул, трамплиннен шаңғымен секіру және шаңғы қосайысы құрама командалар осында болды. Басқа командаларды күтеміз. Бәрі ойдағыдай. Мұнда ауа райы күн ашық болғанымен, суықтау. Ал спортшылардың көңіл күйі бірқалыпты, жақсы. Біздің қалашыққа орналасуымыз Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың Олимпиадалық қалашыққа сапарымен тұспа-тұс келді. Ол спортшылармен тілдесіп, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі. Олимпиада ойындары – кез келген спортшының өміріндегі өте маңызды оқиға. Бұл кездесу біздің спортшыларды бұрынғыдан да қанаттандырып, шабыттандырды деп ойлаймын», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Ұлттық шаңғы қауымдастығының бас хатшысы Асқар Валиев.

Кездесу барысында олимпиадалық дәстүр де сақталып, ХОК басшысы спортшылармен естелік төсбелгілерімен алмасты.

«Олимпиадалық қалашыққа келгендегі сезімім ерекше, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мұнда барлығы өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылған. Командамыз да өз кезегінде бұл стартқа тас түйін дайын.  Жан-жақты, психологиялық және физикалық тұрғыдан дайындалды. Алғашқы күні-ақ ХОК басшысы Томас Бахпен ​​кездестік. Ол маған бір-екі символдық сұрақ қойып, көңіл-күйімді, қобалжу бар-жоғын сұрады. Сондай-ақ, әрине, сәттілік тіледі», - деп бөлісті бізбен фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының мүшесі Анастасия Городко.

Айта кетейік, Олимпиадаға Қазақстан құрамасының спортшыларының ішінде бірінші болып жарыс жолына могулшылар шығады. Могул бойынша іріктеу жарыстары Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына дейін, 3 ақпанда өтеді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар