Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құжатқа сәйкес, Ashyq жобасына қатысатын нысандар үшін жұмыс және демалыс күндері жұмыс уақыты белгіленбейді.
Қаулының жеке тармағында оқу штаттық форматта өтуіне рұқсат берілген:
мектепке дейінгі ұйымдарда;
жалпы білім беретін мектептерде қоса алғанда 600 оқушыға дейін;
бастауыш 1-4 сыныптар (халықаралық сыныптардағы 5-6 сыныптар);
саны 600-ден аса оқушысы бар мектептерде - мектептердің жобалық қуатының 50 пайызынан аспайтын жүктемесі бар мектептерде;
мектептен тыс ұйымдарда;
колледждер мен жоғары оқу орындарында аралас форматта: практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар, өндірістік практика - кесте бойынша штаттық режимде, дәрістер - онлайн.
білім беру ұйымы әкімшілігінің қалауы бойынша вакцинаның толық курсын алған оқушыларды штаттық форматта оқытуға рұқсат беріледі.
Коронавируспен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарға қатысты келесі ережелер белгіленеді:
егер екінші компонентті алғаннан кейін алты айдан аспаса, ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинаның толық курсын алғаны құжат түрінде расталса, үй карантиніне оқшауланбайды;
7-ші күні COVID-19-ға ПТР арқылы тексеріледі, ПТР теріс нәтиже көрсетсе, үй карантині аяқталады.