Америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) орта салмақта WBO титулын бос қалдырмақ, ал Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) осы белбеу үшін жұдырықтасуға мүмкіндік алады, деп хабарлайды инсайдер Крис Мэнникс.
Дереккөздің мәліметінше, Андраде карьерасын дамыту үшін басқа бағыт таңдады және қазақ боксшыға басқа қарсылас ұсынды. Ал осы апта соңында Андраде - Әлімханұлы айқасының промоутерлік саудасы өтуі тиіс.
"Әлімханұлының командасы бос қалған титул үшін жұдырықтасады. Ықтимал қарсылас: 5 ақпан Лиам Уильямспен жекпе-жек өткізетін Крис Юбэнк", - деп есептейді Мэнникс.
Сонымен қоса, ол Деметриус Андраде 160 фунттағы титулын тастап, 168 фунт салмаққа өтетінін айта кетті.
"Андраденің командасы Зак Паркермен жекпе-жек бойынша келіссөз жүргізуде, оның жеңімпазы "Канело" Альварестегі белбеуге міндетті үміткер атанады".
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.