16.11.2016, 03:14

Петропавлда көктайғақтан кейін дәрігерлер көмегіне 500-ге жуық адам жүгінген

Петропавл қаласында тұрғындардың көктайғақта құлап мертігу жағдайы жиілеп кетті деп жазады Хабар-24. Тек бір аптаның ішінде ауруханаға түрлі жарақатпен 500-ге жуық адам түскен. Оның 150-і бала.

Қазір коммуналдық сала мамандары дамылсыз жұмыс істеп, мұз үстіне тұз аралас құм сеуіп жатыр. Ал синоптиктердің болжауынша, сынап бағанасы 30 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Вали Бедешев, травматолог-ортопед дәрігер: - Аяқ-қолдары сынған. Қазір рентген снимоктар істейміз, қараймыз, операция істейміз. Алдын ала анестезиолог қарайды. Наркоз бергенше, содан кейін операция жасалады. Күніне 5-6 адамға операция істейміз.

Айта кетейік, бүгін күннің күрт суытуы салдарынан еліміздің үш өңірінде - Астана, Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарында бастауыш сынып оқушыларына сабақ болмайтын болды. Өскеменде термометр бағаны -34 градусқа дейін төмендеп кеткен.