$ 450.61  488.91  4.97

Алматыда «Қазақтелеком» қызметкерлері жұмысқа шығудан бас тартты

Олар жалақыны көтеруді талап етіп отыр.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Алматыда «Қазақтелеком» телекоммуникациялық компаниясының қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартты, деп хабарлайды matritca.kz. 

Жұмысқа техникалық бөлімнің қызметкерлері шықпай қалған.

Олар офисте жиналыс ұйымдастырды.

"Қызметкерлер жалақыны көтеру туралы талаптарын ауызша жеткізді", - деді компаниядағылар.

Қазіргі күні компания басшылығы наразылық білдірушілермен келіссөз жүргізіп жатыр. Оларға заң аясында бастамашыл топ құрып, кәсіподақпен бірлесіп негізгі талаптарды белгілеу жөнінде ұсыныс айтылды.

"Қызметкерлердің талаптары міндетті түрде қаралатын болады", - деді баспасөз қызметі.

"Қазақтелеком" мәліметінше, компанияда жалақы мәселесі үнемі қарастырылып келеді. Оның ішінде техникалық бөлім мамандарына басымдық берілген.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары