Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі қызметінен кетті, деп хабарлайды Stan.kz.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев отставкаға тұрғындардың орнын босатсын деген талабына пікір білдірді.
“Мен бәрі аяқталған кезде сынның да, өтініштің де болатынын білдім. Алайда қызметімді жауапкершілікпен жасап, жұмысымды жалғастыруым керек. Қаланы қалпына келтіріп, шығын мәселелерін шешуім керек. Мен өз жауапкершілігімді білемін. Қалай болғанда да сындардың бәрін қабылдаймын”, – деді әкім.
Сондай-ақ бұрынғы ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.
"Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылсын", - делінген жарлықта.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.