Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева еңбек демалысында және коронавирустан кейін оңалту курсын алып жатыр. Бұл ақпаратты депутаттың көмекшісі Жанна Ермакова растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол депутаттың Нұр-Сұлтан қаласында еңбек демалысында екенін растады.
Бұған дейін Дариға Назарбаеваның ПТР-сынамасы оң болуына байланысты ауруханада жатқаны хабарланған болатын. Кейінірек оның көмекшісі депутат қаңтардың аяғына дейін демалыста болатынын айтты.