$ 494.87  520.65  4.91

«Жергілікті Хатико»: Коронавирустан көз жұмған иесін үш айдан бері аурухананың алдында күткен ит жұрттың көңілін елжіретті

Ит коронавирус жұқтырғандарға арналған аурухананың алдында үш айдан бері жүр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ресейдің Кемерово қаласындағы аурухананың алдын үш айдан бері торуылдаған ит жұрттың көңілін елжіретті. Жергілікті тұрғындар иттің коронавирустан көз жұмған иесін күтіп жүргенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі NGS42.RU-ға сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, ит коронавирус жұқтырғандарға арналған аурухананың алдында үш айдан бері жүр. Жергілікті тұрғындар оның ауруханаға түскен иесін күтіп жүргенін айтады. Алайда иттің иесі осында үш ай бұрын аурудан көз жұмған. 

Тұрғындар итті “Хатико” деп атап кеткен. 

"Төбет адамдарға агрессия танытпайды, аурухананың алдынан кетпей жүр. Итті өзіммен алып кеткім келді, бірақ ол маған келмей қойды. Кері қарай қашады, болды. Иесінің итке жақсы баққаны көрініп ", - деді Кемерово тұрғындарының бірі. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары