$ 444.32  473.33  4.76

«Дариға Назарбаева қазір Дубайда» – дереккөз

ҚазТАГ редакциясы дереккөздерінің хабарлауынша, депутат Дариға Назарбаева қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Дубай қаласында.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Айта кетейік, Назарбаева қайғылы қаңтардың наразылық акциялары басталғаннан бері мәжілісте көрінбеді. Ресми ақпарат бойынша, ол коронавирус ауруын жұқтыру себебімен Алматыдағы үйінде болған, деп жазады orda.kz. 

Сонымен қатар, Nur Otan партиясының басшылығы ауысқаннан кейін, Нұрсұлтан Назарбаевтың орнына қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев төраға лауазымын алған кезде, Дариға Назарбаева партияның саяси кеңесінің құрамында да, саяси кеңес бюросының құрамында да жоқ екені белгілі болды.

Ал Zakon.kz ақпараты бойынша, мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева әлі де ауру себебіне байналысты демалыста.

– Қазір ол Нұр-Сұлтан қаласында және коронавирустық инфекциядан кейін оңалту курсынан өтуді жалғастыруда, –деді депутаттың көмекшісі Жанна Ермекова.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары