$ 494.87  520.65  4.91

Бұл күні некеге тұрғысы келетіндер неге көп?

Осы мыңжылдықта мұндай қайталатын «қызық» күндердің саны бар-жоғы алпыс екен.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бүгін некеге тұрғысы келетіндер көп. Себебі жас жұбайларды 2.02.2022 деген дата қызықтырып отыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Белгілі болғандай, бұл күн екі жағынан да бірдей оқылады. Осы мыңжылдықта мұндай қайталатын «қызық» күндердің саны бар-жоғы алпыс екен. Болашақ ерлі-зайыптылар дәл осы күн олардың некесі үшін сәтті болып, бақытты ғұмыр кешеміз деп сенеді. 

Өкінішке қарай, 07.07.2007 жылы некеге тұрғандардың ішінен 6 жұп алғашқы жарты жылдың ішінде ажырасып үлгерген. Соған қарағанда, берік отбасының кілті күнтізбедегі күнге ғана байланысты болмаса керек.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары